Ұшуға дайындық аяқталды

56

0

Байқоңыр ғарыш айлағында кезекті «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын (ЗТ) «Канопус-В-ИК» ғарыш құрылғысы (ҒҚ) және 72 шағын жер серіктері бар кластермен бірге ұшыру үшін дайындық жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгін ғарыш зымыранның (ҒЗ) жалпы құрастыруы жүргізіліп жатыр, ҒЗ мен жердегі құрылғылардың дайындық нәтижесі қаралғаннан кейін, мемлекеттік комиссия «Союз-2.1а» зымыранын ұшыру алаңына шығару туралы шешім қабылдауы керек.

Астана уақытымен 14 шілде күні 12 сағат 36 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын «Канопус-В-ИК» ҒҚ-мен бірге ұшыру жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз