Шығармашыл тілшілердің үздік жұмыстары марапатталды

126

0

Шығармашыл тілшілердің үздік жұмыстары марапатталдыЕсірткіден азат қоғамды қалыптастыру, бұқара қауым арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ…» тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында үздік репортаж және мақала сайысы өткізілді.
Сайысқа бірнеше үміткерлер қатысып, заманауи техникалық құралдардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәлелді фактілермен, дәл және көркем жеткізе білді.
Құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, сайыстың І орын иегері  болып  «ҚоғамТВ» телеарнасының редакторы Құлтанова Баян Рахатқызы танылды, «ҚоғамТВ» телеарнасының тілшісі Бекарыстанов Тілеген Сқақұлы ІІ орын иегері атанса, ІІІ орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Бекбан Шынар Алтынбекқызы  жеңіп алды.
Сонымен қатар, байқау шеңберінде бірнеше журналистерге  аталымдар бойынша сыйлықтар ұсынылды. Атап айтқанда, «Bnews.kz» ақпараттық агенттігінің, «Время» газетінің меншікті тілшісі Денисова Наталья Николаевна «Полицияның алтын қаламы» аталымы бойынша, облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Мусаева Алия Нұрланқызы «Полиция сүйіспеншілігі» аталымы бойынша, республикалық «24kz» телеарнасының тілшісі Тәжібаева Райхан Тоғызбайқызы «Қанатты микрофон» аталымы бойынша, «Қоғам ТВ» телеарнасының операторы Бәйімбетов Берік Әбдірахманұлы, телеарна монтажеры Исаев Жанас Садуұлы «Ынтымақтастық» аталымы бойынша, «Халық» газетінің тілшісі Жүнісова Жансая Елубайқызы, «Kyzylorda-news.kz» ғаламтор басылымының тілшісі Жағыпарова Ақнұр Бөлегенқызы «Шыншыл тілші» аталымы бойынша, «Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісі Манабаев Айбек Сағынбайұлы, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі Тәжиев Асқар Сарсенұлы «Жас талант» аталымы бойынша марапатталды.
Жиын барысында ОІІД  Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Ермек Искаков сөз алып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, қаншалықты жұмысбасты болса да бұқара қауым арасында өзекті болып отырған есірткі мәселесін көтеріп, жастарды одан аулақ болуға шақырып, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытқаны үшін алғысын білдірді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер департамент бастығының бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталды.

Қызылорда ОІІД  баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз