Шымкент пен Қызылордада пәтер тонап келген әккі ұры қолға түсті

46

0

Шымкент пен Қызылордада пәтер тонап келген әккі ұры қолға түсті Қызылордалық полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер
департаментінің қызметкерлерімен бірлсе бірнеше мәрте пәтер тонап, бой
тасалап жүрген Шымкент қаласының 1981 жылы туған тұрғынын ұстады. Бұл
туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Күдікті азамат Б.Н. өзінің
сыбайластарымен алдын ала сөз байласып, 2015 жылдың 3 сәуірі күні
Қызылорда қаласындағы бір пәтер есігінің кілтін іріктеу арқылы ашып
кіріп, 1 000 АҚШ долларын, 780 000 теңге көлеміндегі ақшасын және
бірнеше дана бриллиант пен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Нәтижесінде,
жәбірленушіге 3 950 000 теңге және 1 000 АҚШ доллары көлемінде мүліктік
шығын келтірген.

Осындай тәсілмен тағы да 6 пәтер тонаған.

Бүгінгі таңда
күдікті азамат Б.Н. қамауға алынып, ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігімен
қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында
анықталғандай, Б.Н.-ның бір сыбайласы 1982 жылы туылған Қызылорда
қаласының тұрғыны ұсталып, Шымкент қаласында абақтыға жабылып, қамауға
алу бұлтартпау шарасы қолданылды.

Күдіктілердің басқа да
қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-тергеу жұмыстары
жүргізілді. Нәтижесінде, жоғарыда аталған екі азаматтың, тағы екі
сыбайласының қатысуымен Шымкент қаласында да бірнеше пәтер ұрлықтары
орын алғандығы анықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз