Шымкентте шеберлік танытып қайтты

39

0

Шымкентте шеберлік танытып қайттыҚызылорда. Шымкент қаласында каратэ-додан әйелдер мен ерлер арасында ел біріншілішгі өтті. Аталмыш жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 200-ге жуық каратэші қатысып, үш күн бойы шеберлік байқасты. 
18 жастан жоғары спортшылар арасында сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі) күміс жүлдеге ие болды. Ал 55 келіге дейінгі салмақта Нұржан Ақпанбет пен 50 келіге дейін өнер көрсеткен Салтанат Исмайлова үшінші орынды иеленді. 
Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығатын спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев дайындады. Каратэ-додан облыстың аға жаттықтырушы Р.Әбжәмиевтің айтуынша, 16 жастағы Мөлдір Жаңбырбай ересектер арасында шеберлік байқасып, екінші орынды иеленді. Бұл жарыс оның шеберлігінің әрі қарай шыңдалуына септігін тигізді және тәжірибе алмасу болды. Енді спортшыларымыз наурыздың 28-30-ы аралығы Астана қаласында болатын каратэ-додан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз