ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ МЕРДІГЕРІ ҚАЙТА АУЫСПАҚ

68

0

ШЫНЫ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ МЕРДІГЕРІ ҚАЙТА АУЫСПАҚБұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚДБ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев хабарлады. 
«Қазіргі уақытта құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізушілер анықталмаған, қарыз алушылар мердігер ұйымды таңдау бойынша шаралар жүргізілуде. Жобаға қатысушылар өздерінің жүктелген міндеттерін орындаған жағдайда жоба іске асырылады деп күтілуде. Банк сараптамасы аясында жобалық және технологиялық тәуекелдер талданып, өз шеңберінде бағаланды,-деп өз ойын ортаға салды Болат Жәмішев. 
« Бүгінгі таңда «ORDA GLASS» жаңа тағайындалған басшысы екі апта ішінде мердігерлер бойынша ұсыныстарды жеткізеді. Бірнеше мердігерлер, оның ішінде шетел мердігерлері бүгінгі таңда бар. Осы көлемді орындау үшін ұсынылған қаржыландыру көлемін нақтылау мәселесі талқыланып отыр. Екі апта ішінде шешіліп, нысанның құрылысы жалғасатын болады»,-деді Жәмішев. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз