Шыны зауытының өнімдеріне сұраныс жоғары болады

49

0

Шыны зауытының өнімдеріне сұраныс жоғары боладыБүгін Қызылорда
облысының әкімі Қ.Көшербаев пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
Басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев шыны зауытының құрылысымен танысты.

Шыны зауыттың құрылысы Қызылорда қаласы, Титов мөлтек ауданында орналасқан
индустриалдық аймақта жүргізіліп жатыр. Зауыт күніне 600 тонна (жылына
197100 тонна) шыны табақшасын өндіретін болады. Шыны зауытына қажетті шикізатты Қызылорда облысында орналасқан
Сарышоқы кен орнынан жеткізу көзделіп отыр. Қосымша қоспалар Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден,
Қырғызстаннан және Өзбекстаннан
тасымалданады.

Жобаның жалпы құны 197 млн доллар. Қаржының 80 пайызын «Қазақстан даму
банкі» бөлсе, қалған 20 пайызын «Steward Engineers» АҚШ компаниясы мен
Қазақстан инвестиция қоры инвестор ретінде қаржыландырмақ. Ал құрылыс
жұмыстарын «Orda Glass Ltd» ЖШС-гі
жүргізетін болады.

-Елбасының тапсырмасына сәйкес Байтерек
холдингімен бірлесе осы шыны зауыт құрылысына кірісіп кеттік. Өздеріңіз
білетіндей, бұл индустриалды-инновациялық жоба, өнімнің экспорттық әлеуеті өте
жоғары. Холдинг шақыруы бойынша құрылыс жұмысына АҚШ, Финляндия, Германия,
Италияның маңдайалды компаниялар келді. Келісім бойынша, құрылыс алаңына
инженерлік инфрақұрылымды жеткізу біздің міндетіміз, бұл жұмыс өте қарқынды
жүріп жатыр. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл зауыт іске қосылып, Сыр
өңірінің әлеуетіне зор үлес қосады. Біз тек қана құрылыс емес, сондай-ақ, кадр
мәселесімен де айналысып жатырмыз, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Бір айта кетерлігі, жоба
операторы зауыт салумен қатар дайын өнімді өткізу нарықтарын анықтауда. Мысалы,
бүгінгі күні «BI Group» компаниясымен, Қазақстанның құрылыс салушылар
қауымдастығымен, сондай-ақ «Дана» фирмасымен өнімді жеткізуге шарттар жасасты.
Сыртқы нарықтарда тұтынушы іздестіруде. Сарапшылардың бағасы бойынша өнімді
өткізудің басты нарықтары – бұл Ресей Федерациясының Сібір өңірі, Орталық Азия
(Өзбекістан, Қырғызстан, Түркменстан және Тәжікстан), Ауғанстан және Үндістан
болмақ.

– Құрылыс жұмыстарының
басталғанына 4 айдан асты. Қазіргі кезде 100-ден астам жұмысшы және 20 шақты
техника жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда дайын өнімге арналған қойманың құрылысы
жүріп жатыр, осы екі апта ішінде құрылысы басталады. Құрал-жабдықтарды жеткізушілердің
бәрі әлемге белгілі Америка, Германия, Италия секілді елдердің компаниялары, –
деді Қ.Бишімбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз