Шыны зауытының құрылысы басталды

47

0

Шыны зауытының құрылысы басталдыҚызылорда облысында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы басталды. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

– Көптен күткен шыны зауытының құрылысы қоғамдық пікірде тіпті бұрынғы-қазіргі облыс әкімінің жұмысын бағалайтын индикаторға айналды, сондықтан осы мәселеге арнайы тоқталайын. Қызылорда қаласындағы индустриялық аймақтан аталған зауытқа арнап жер бөлінді. Бюджет есебінен инженерлік инфрақұрылымдар тартылды. Техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары дайындалды, мемлекеттік сараптама жасалды, қажетті келісімдерге қол қойылды. Сонымен, құны 52 миллиард теңге тұратын шыны зауытының құрылысы басталды, – деді облыс әкімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз