Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

55

0

 
«Қазгидромет» РМК 29 маусым – 1 шілде күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.  
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның жеке аудандарында бұрынғыша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде. Тек республиканың оңтүстігінде ыстық болады, ауа температурасы 33…38 градусқа дейін, кей жерлерде 40 градусқа дейін көтеріледі. Астанада 29 маусымда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік батыс, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде температура +16+18°С, күндіз +31+33°С. 30 маусымда – ауыспалы бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан, солтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Түнде температура +16+18°С, күндіз +31+33°С. 1 шілдеде елордада көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады. Түнде температура +13+15°С, күндіз +23+25°С.
Алматыда 29 маусымда ауыспалы бұлт шығады, түнде және таңертең өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура +15+17°С, күндіз +26+28°С. 30 маусым: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура +17+19°С, күндіз +28+30°С. 1 шілдеде Алматыда күн жартылай бұлтты, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура +17+19°С, күндіз +30+32°С.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз