Өскеменде V халық спорт ойындары аяқталды

45

0

Өскеменде V халық спорт ойындары аяқталды10-14 қыркүйек аралығында Шығыс
Қазақстан облысы, Өскемен қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін республикалық
V халық спорт ойындары аяқталды. Аталмыш ойындарға Қазақстанның 14 облысы мен Астана және
Алматы қалаларынан  1600-дай спортшы
қатысты. Ойындар спорттың 9 түрінен:
волейбол (ерлер және әйелдер арасында), шағын футбол, қазақ күресі,
тоғызқұмалақ, асық ату, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, жазғы
президенттік көпсайыстан ұйымдастырылды. 

 Халықтық спорт ойындары
1998 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғаш рет Астана қаласында өткізілген
болатын. Төрт жылда бір рет өтетін кешенді додада кәсіпқой спортшылар емес,
салауатты өмір салтын серік еткендер өнер көрсетеді.
Жарыс
қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан жекелей есепте Бексұлтан Бостандықов пен
Әйгерім Жокелова екінші орынды иеленіп, жалпы командалықта да екінші орынға
шықты. Команданың алға шығуына Айнұр Есенова мен Хакімжан Елеусіновтер  өз үлестерін қосты.
 Президенттік 
көпсайыста Алла Мян  күміс жүлдеге
ие болса,  Сергей Мещанинов қола медальға
қол жеткізді.  
Қазақ
күресінен қызылордалықтардың мерейі үстем болып, жалпы командалықта екінші
орынды иеленді. Ал жекелей есепте +90 келі салмақта Айбек Серікбаев алтыннан
алқа тағынса,  90 келіде Мақсат
Исақабылов күміс жүлдені еншіледі. 55 келіде Бауыржан Райсов пен Жанат
Мұратова, 60 келіде Дархан Сержанов және +75 келіде Мархабат Ақылбаева қола
жүлдегер атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз