Іскер әйелдер бас қосты

107

0

Іскер әйелдер бас қостыҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
Студенттер сарайында Қызылорда облысы бойынша саясаткер-әйелдер клубының
отырысы өтті. Жиында әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту мен қолдау
мәселесі талқыға салынды.
Басқосуға Сыр өңіріне іссапармен келген
«Қазақстанның іскер әйелдері» қауымдастығының басшысы, ҚР Президенті
жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі
Ұлттық комиссия мүшесі Раушан Сәрсембаева, облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысты.
Сыр өңірінде үш жыз мыңнан астам әйел адам тұрады. Олар аймағымыздың
қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып келеді. Облыстағы мемлекеттік
қызметкерлердің 46 пайызын нәзікжандылар құрайды. Өлкедегі үкіметтік
емес ұйымдардың жетпіс пайызға жуығын әйелдер басқарады. Сондай-ақ 147
ауыл әкімінің алтауы, түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының 14-і
әйел.

Бұдан бөлек, мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың
арқасында өз кәсібін дөңгелетіп, облыс экономикасының дамуына үлес қосып
жатқан іскер әйелдердің де қатары артып келеді. 471 әйел кәсіпкерлікке
баулитын оқуды тәмамдады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының
аясында 71 әйелге жүз миллион теңгеден астам несие берілді.

Айта
кетейік, Қызылорда облысында саясаткер-әйелдер клубы 2012 жылдың 5
мамырында құрылды. Құрамына 25 көшбасшы-әйел: жергілікті мәслихаттың
депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері енгізілді.
Облыстық саясаткер әйелдер клубы іске қосылғаннан бері қыруар шара
атқарылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз