Әскердегі бір күн

51

0

Әскердегі бір күнҚызылорда облысының ішкі саясат басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы»
КММ-сі  және «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық
бірлестігінің ұйымдастыруымен кеше, 21 қыркүйек күні 5547 әскери
бөлімінде  «Әскердегі 1 күн»ұранымен мектеп оқушыларының қатысуымен ашық
есік күнін жүргізді.

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шара мақсаты  жастарға патриоттық тәрбие беру және
азаматтылық белсенділігін арттыру болып табылады. Әскердегі техникалық
базамен және әскери техникалармен танысқан, Қызылорда қаласындағы № 235
мектеп оқушыларының,  Отан алдындағы борышын өтеуге ынталары артты. Олар
сарбаздарға сұрақтарын қойып, бір күндік әскери өмірмен танысты. Арнайы
әскери техникалармен, әскери казарманы көрген оқушы жастардың бойында
ерік-жігерлері артты.

Патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілетін патриоттық  шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз