
Бұл топтағы азаматтардың ерекшелігі мұнда спортта да, әнде де бақтарын сынап жүрген өнерлі ер-азаматтар қатарымен толық.
Соның бірі 1999 жылы туылған Сырдария ауданы Амангелді ауылының тумасы Әбдіғаппар Асылхан Нұрболатұлы. Жастайынан ер жігітке тән жақсы қасиеттерді үйренуге тырысқан ол6 – сыныпты бітірген соң, қаламызда орналасқан Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі болады. Асылханның бокс үйірмесіне ынтасы артып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалалардан жүлделі орындарымен оралады. Жаттықтырушы ағайларыАйдос Өмірбек пен Жарбол Орынбасарұлына және Сәбит Сейіловке алығысы зор.
Асылхан Нұрболатұлының қатарластарымен, өсіп келе жатқан інілеріне айтар тілегі: спортпен айналысыңыздар, спорттың арқасында денсаулығымнан еш кінәрат табылмай, әскер қатарына шақырылдым. Ендігі мақсатым ел алдында берген антыммен, ата-анамды ұятқа қалдырмайтындай борышымды өтеп келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылғым келеді- деді.