Әскери қолданбалы спорт сайысы өтті

69

0

Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп – лицейінде «Халық өнері рухани жаңғыру» аясында, 2017-2018 оқу жылындағы дене шынықтыру және БӘД пәндері бірлестігінің пәндік – әдістемелік апталық жоспарына сәйкес, БӘД пәні мұғалімі Ерлібек Миняжевтің ұйымдастыруымен 10 – 11 сыныптар арасында әскери қолданбалы спорт сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – алғашқы әскери-қолданбалы спорт түрлері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, әскери қолданбалы спорт түрлерін одан әрі дамыту, оқушылардың әскери дайындық шеберлігін шыңдау, бейбітшілік, бірлік, келісім ұғымын насихаттау, ұлтжандылық Отан сүйгіштік сезімін ояту.
Сайысқа 5 команда қатысты. «Айбын», «Ұлан», «Бүркіт», «Қыран», «Сұңқар». Оқушылар атоматты бөлшектеп жинаудан өзара сайысып, әділ қазылар жеңімпаздарды анықтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз