Әскери парадқа авиацияның 70-тен аса техникасы қатысады

53

0

Әскери парадқа авиацияның 70-тен аса техникасы қатысадыЕлордада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған Әскери парадтың әуе бөлігінің жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Baq.kz.
7 мамырда өтетін Әскери парадтың әуе бөлігін көк аспанда еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70-тен аса авиациялық техникасы паш етеді. Әуе техникасының негізгі элементтері әзірше құпия болып қалуда.
Ми-8, Ми-17, Ми-26, Ми-35, Ми-171Ш, ЕС-145, Ту-134, Ту-154, Ан-26, Ан-72, С-295 әскери-көлік авиациясы мен Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 майдандық авиациясының ұшақтары аспанға көтеріледі.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2017 жылғы әскери парадта армияның жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, қазақстандық армияның жауынгерлік арсеналын толықтырған отандық және шетел өндірісінің қару-жарағы мен әскери техникасының заманауи үлгілері көрсетіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз