Әскери қызметшілерден сый

135

0

Әскери қызметшілерден сыйҚорғаныс министрлігіне қарасты 66597 әскери бөлімі мен қорғаныс департаментіндегі әскери қызметшілер Халықаралық қыз-келіншектер мерекесіне орай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім алып жатқан студент қыздармен «Әскери қызметтегі қыз-келіншектердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметіның хабарлауынша, шара барысында Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының психологі, ефрейтор А.Ибадуллаева қатысушыларды сергіту мақсатында психологиялық ойындар ойнатты. Сонымен қатар, ер әскери қызметшілердің қыздарға арналған жалынды сәлемін өлең жолдары арқылы жеткізіп,гүл шоқтарын сыйлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз