Сочи-2014: Бүгін Бабенко 10 шақырымда бақ сынайды

38

0

Сочи-2014:  Бүгін Бабенко 10 шақырымда  бақ сынайдыҚазақстандық жанкүйерлер үшін Олимпиаданың кезекті күні шорт-трек жарыстарынан басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Бүгін БҚО тумасы 23 жасар Инна Симонова 1000 метр шақырымға жүгіреді. Бұған дейін ол шорт-тректе 500 және 1500 метрде өз бағын сынап көрген болатын. Екеуінде де өз тобында мәреге төртінші болып жетті. Бұл жолы АҚШ, Польша және Корея спортшыларымен бәсекеге түседі. Аталған жарыс Астана уақытымен 15:30-да «Айсберг» қысқы спорт сарайында өтеді.
Командалық спринтте финалға шыққан қазақстандық тағы екі шорт-трекшілер 500 метрге жүгіреді. БҚО тумасы 20 жасар Айдар Бекжанов британдық, америкалық және ресейлік спортшылармен сынға түседі. Ал дәл сол өңірден шыққан 23 жасар Нұрберген Жұмағазиев венгрлік, қытайлық және голландиялық бәсекелестерімен жарыс жолына шығады. Жарыс «Айсберг» кешенінде 17:15-те басталады.
Жарыс күнін 28 жасар конькимен жүгіруші, СҚО тумасы Дмитрий Бабенко аяқтайды. Ол өзін 10 мың метрлік жарыста сынап көрмек. Бұған дейін Дмитрий 5000 метр қашықтыққа жүгіріп, 15-ші орынға және 1500 метрлікке жүгіріп 30-шы орынға табан тіреген болатын. Бұл жолы ол неміс Патрик Беккертпен жұптасып, төртінші болып жарыс жолына шығады. Жарыс «Адлер-Арена» конькимен жүгіру орталығында сағат 19:00-де басталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз