
Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 ж.ж. – Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері. 1989-1991 ж.ж. – Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1991-1992 ж.ж. – Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас инженері. 1992-1993 ж.ж. – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Новоселовка» мемлекеттік шағын кәсіпорнының директоры. 1993-1996 ж.ж. – Қостанай облысы Қостанай ауданы «Қостанай» ғылыми-өндірістік бірлестігі директорының орынбасары. 1996-1998 ж.ж. – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының «Север» ұжымшарының төрағасы, «Север» ААҚ президенті. 1998-2002 ж.ж. – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2002-2004 ж.ж. – Қостанай облысы Таран ауданының әкімі. 2004-2006 ж.ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2006-2010 ж.ж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 2010-2014 ж.ж. – «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2014-2015 ж.ж. – «Нұр Отан» партиясының хатшысы.