«Сот репортері» шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті

65

0

«Сот репортері» шығармашылық байқауы өз мәресіне жеттіКеше Қызылорда облыстық соты байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне
орай өткізілген «Сот репортері» шығармашылық байқауының қорытындысын
жариялады.
    Аталмыш сайыс соттардың қызметі туралы азаматтардың ақпарат алу
деңгейін көтеру, олардың тартысты оқиғаларды құқықтық әдіспен шешуге
сенімін арттыру, қоғамда заңдылықты және тәртіпті нығайтудағы сот
қызметі және оның рөлі, сот процестерінің тәрбиелік және алдын-алу
профилактикалық рөлі, сондай-ақ, қоғам игілігіне жұмыс істеп жатқан
Фемида қызметкерлерінің ауыр, сонымен бірге, мәртебелі еңбегіне
бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару мақсатында жыл сайын
ұйымдастырылады.
    Қызылорда облыстық сотының төрағасы БАҚ өкілдерін төл мерекесімен
құттықтады. Төраға Қайырбеков Нұрлан Мұратұлы «Ел азаматтарына
құқықтарын түсіндіруде, қандай да бір жұмыстың нәтижесін көрсету мен
ақпараттандыруда БАҚ-тың алатын  орны орасан. Сот төрелігі қызметінің
жариялылығын, ашықтығын қамтамасыз етуде Сіздердің еңбектеріңіз зор.
Сіздерге облыс соттарындағы іс-шараларға белсене қатысып келе
жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін» деді. Сондай-ақ, жеңімпаз
журналистерді құттықтап, БАҚ өкілдеріне шығармашылық табыс тіледі.
Сонымен қатар, облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков баспасөз өкілдеріне
кез келген ашық өтетін сот процесіне қатысуға болатынын, баспасөз
қызметінің ашықтық пен жариялылықта жұмыс атқаратынын жеткізді.
    Байқау қорытындысы бойынша судьялардың кезектен тыс өткізілетін VII
съезіне Қызылорда облысы судьяларының дайындығы мен өзіндік ұсыныстары,
сот саласындағы жаңа технологиялар бойынша түсірілген сараптамалық
бейне материалымен 1 орынды Қызылорда қоғамдық телеарнасының тілшісі
Бүркітбаева Гүлнұр Бейбітбекқызы иеленді.
    2 орынға «Халық» газетінің тілшісі Есімова Гаухарай Аманғалиқызының
жиырма жылдан аса жұмыс өтілі бар судьяның турашылдығы мен тапқырлығы,
судья лауазымының қиын тұстары бейнеленген очеркі лайық деп табылды.
    Ал, 3 орын аудандық «Толқын» газетінің тілшісі Әйтімова Лаура
Иманбайқызы мен облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі
Манабаева Айнагүл Сағынбайқызына бұйырды.
    Оқ бойы озық шыққан журналистер арнайы дипломдар және бағалы
сыйлықтармен, өзге де баспасөз өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.
    Біз өз тарапымыздан жеңімпаз журналистерді жеңісімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта аталмыш байқау жыл сайын өткізілетінін естеріңізге
саламыз.
    Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз