Сот төрағасы Мәжіліс депутатымен кездесті

50

0

Сот төрағасы Мәжіліс депутатымен кездестіҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айбек Әбу Қазақстан
Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты Наталья Жумадильдаевамен
кездесті.
    Бұл сот төрағасының депутатпен екінші кездесуі. Алғашқы кездесулері
осыдан бір ай бұрын Норвегия Корольдігінде балалар құқығын қорғау
саласында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған іс-сапар болатын.
    Депутат В.Жумадільдаеваның сот төрағасы А.Әбумен кездесуінің
мақсаты – бала құқығын қорғаудағы сот тәжірибесімен,  сот әділдігінде
куә мен жәбірленуші балаға көрсетілетін маманның көмегі туралы, құқық
қорғау органдары мен сот жүйесінің балаға қатысты күш қолданулардың
алдын алу шаралары жайлы, сондай-ақ   ЮНИСЕФ-тің ювеналды сотының
ғимаратынан ашқан арнайы бөлмелерімен және «Сыр Ұландары» балалар
қорының атқарған жұмыс нәтижелерімен танысу болды.
    Кездесу барысында балалардың құқығын қорғау саласында алдағы уақытта қызметтес болу келісімі жасалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз