Сотқа арыздар электронды түрде түспей отыр

52

0

Сырдария аудандық сотында «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттарды беру тәртібі туралы брифинг өткізілді. Оған сот қызметкерлері, прокуратура, әділет басқармасы, халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері және баспасөз өкілдері қатысты.
Брифингте аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы сотқа электронды құжаттарды беру тәртібі мен ережелерін қысқаша түсіндірме берді, деп хабарлайды Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, брифингке қатысушыларды алдағы уақытта талап арызды «Сот кабинеті» арқылы тапсырып, уақыттарының үнемделетінін, бұл жаңа бастаманың халыққа тиімді екенін айтып, осы бағытта жұмыс істеуге шақырды. 
Қазіргі таңда Сырдария аудандық сотына аудандық салық Басқармасынан 5 талап арыз «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде түсіп тіркелген, ал «Қазахтелеком» АҚ Электронды Үкімет порталы арқылы 49 талап арыз тіркеліп отыр.
Алайда, жеке тұлғалардан аудандық сотқа электронды түрде талап арыздар түспей отыр.
Сондықтан алдағы уақыттада осындай іс-шаралар өз жалғасын тауып, аудандық сотқа талап арыз берудің жеңіл түрін халыққа жан-жақты түсіндірмелер беріліп отырады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз