Сотта терроризммен күрес мәселелері талқыланды

46

0

СОТТА ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотында «Террористік акт қаупі орын алуы
кезіндегі іс-әрекеттер және қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік»
тақырыбында дөнгелек үстел өтті.
    Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, Қызылорда облыстық
прокуратурасының прокуроры Е.Құттыбаев,  үкіметтік емес ұйымдар мен  БАҚ
өкілдері қатысты.
    Дөнгелек үстел жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, баяндама
жасады. Баяндамада 2016 жылдың 6 маусымынан бастап террористік
қауіптіліктің сары деңгейі белгіленуіне байланысты іс шаралардың,
терроризм мен экстремизмнің жалпы түсініктерін, олардан туындайтын қауіп
қатер мен қиындықтардың, олар бойынша Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексінде көзделген жауапкершіліктер туралы айтып өтті.  
    Іс шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап,
өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтып, сұрақтар қойылып, жауаптар
берілді.
    Дөңгелек үстелде пікірлесуді сот төрағасы қорытындылып, бірлесіп аталған жағдайдың алдын алуға шақырды.
    Соттың  баспасөз  қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз