Соңғы 3 жылда Қызылордада 7 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

40

0

Соңғы 3 жылда Қызылордада 7 мыңға жуық отбасы баспаналы болдыСоңғы 3 жылда Қызылорда қаласында жалпы ауданы 265 мың шаршы метрді
құрайтын 3 502 пәтерлік 82 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.
    Облыстық ішкі саясаттан хабарлағандай, биыл 3254 пәтерлік 67
көпқабатты тұрғын үй  салынуда. Бұрындары қаланың батыс бөлігіндегі
«Мерей», «Ақмешіт» секілді ықшам аудандар 6-7 жылдан астам уақытта
тұрғызылса, бүгінде 1-2 жылда мұндай көлемдегі ықшам аудандардың
бірнешеуі бой көтеруде. Осылайша соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы
немесе ол 30 мыңнан астам адам баспаналы болды.
    Биыл сондай-ақ тұрғын үйлер кварталының жобасы мен сыртқы
инженерлік желілерінің құрылыс жұмысына Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге
бөлініп, 33,2 шақырым сыртқы инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде.
Бұл жобаларды жүзеге асыру барысында 7 мыңнан астам адам жұмыспен
қамтылуда.
    Қызылорда қаласының тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 25 млрд. теңгені құрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз