Соңғы 7 ойында \»Қайсар\» \»Атыраудан\» жеңілмепті

45

0

Соңғы 7 ойында "Қайсар" "Атыраудан" жеңілмептіҮстіміздегі жылдың 13 шілдесінде Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі. Екі команда 20 тур ойындарын өткізеді.
Естеріңізге сала кетелік, алғашқы айналымда жерлестеріміз атыраулық футболшыларды 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Бүгінгі күнге дейін қос ұжым 28 мәрте өзара шеберлік байқасқан. Жеңіске жету жөнінен «Атырау» командасының қоржыны тоқ. Олар біздің клубты 13 мәрте тізе бүктірді. Командалар 8 мәрте тең ойынға қанағат білдіріп тарқасқан. Қалған 7 кездесуде «Қайсар» жеңіске жетті. Қуаныштысы, соңғы жеті ойыннан бері қызылордалық футболшылар олардан бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген. Сырдың жігіттері «Атырауды» өз алаңында 2011 жылдан бері екі мәрте тізе бүктірген. 2014 жылдың 14 тамызында жерлестеріміз олардан 2:0 есебімен айласын асырып кетсе, 2012 жылдың 12 мамырында алаң иелері бізге 0:1 есебімен жол беріп қойды. 
Қазіргі таңда турнир кестесінде қос команда қатаралс келеді. Алтыншы орындағы «Қайсарда» 28 ұпай болса, сегіздікте тұрған «Атыраудың» олардан небәрі 3 ұпайы кем. Сондықтан бұл ойынның маңызы өте артып тұр. Жеңген команданың 1-6 орындар үшін сайысқа түсетін командалар қатарына қосылуға мүмкіндігі арта түседі.  Бұл ойынды ФФК-ТВ сайтынан Қызылорда уақытымен 19.00-де тамашалауға болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз