Соңғы қоңырау салтанаты

64

0

Соңғы қоңырау салтанатыБүгін Жалағаш ауданының мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты болып өтті. Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен-мектептегі соңғы қоңырау салтанаты бүгінШ.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте де «Сылдырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты шарамен өтті. Шараға аудан әкімі Т.Дүйсебаев, аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Ердаулетова, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты. 
Шара барысында Қазақстан Республикасының мерейлі мерекелеріне арналған флеш-моб биі, 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Жұлдызшылар айдары» атты сахналық көрініс, «Үздік оқушылар шеруі», «Аманат» тапсыру рәсімі өтті.
Шара барысында аудан әкімі Т.Тұрсынұлы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі. 
– Алда ұлттық бірыңғай тестілеудің сынамасы күтіп тұр. Осы сынақта бүгінгі мектеп бітіріп отырған жас түлектер жоғары деңгейден көрінеді деп үміт артамыз. Елбасы биылғы жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін, жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен де биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» -деп атап көрсеткен болатын. Егемен еліміздің ертеңі дені сау, рухы биік ұрпақтың қолында. Сіздер күш-жігерлеріңізді тәуелсіз еліміздің экономикасын көтеріп, байлығын арттыруға жұмсайтындықтарыңызға сенеміз, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сонымен қатар, мектеп басшысы, ардагер ұстаздар, ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер шара барысында құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді. 
Жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз