Соғыс ардагері 97 жасында мектеп бітіргендігі жөнінде аттестат алды

51

0

АҚШ-та Филадельфия тұрғыны Чарльз Леуции 97 жасында орта мектеп бітіргендігі жөнінде аттестат алды. Құжатты салтанатты түрде табыстау шарасына оның немерелері мен шөберелері келді.
ABC телеарнасының хабарлауынша, Чарльздің жасөспірім шағында білім алуына соғыс кедергі келтірген. Жас жігіт Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанып, одан бірнеше жауынгерлік марапаттармен оралды. Одан кейінгі жылдары Чарльз білім алуды армандады, алайда оған уақыт үнемдеу тек зейнеткерлікке шыққан соң ғана мүмкін болды.
«Менің көп жылдар күтуіме тура келді, дегенмен мен білім алдым», – деді ол қолына аттестатын алып тұрып. Журналистердің Чарльздің білімін жалғастырмақ ойын білмек сауалына жаңа ғана мектеп бітірген түлек: «Неге жалғастырмасқа? Менің қазір бос уақытым көп» деп жауап берді. 

Дереккөз  inform.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз