Соғыс жылдары Арал ауданының еңбекшілері майданға 2 млн. 830 мың сом қаржы жіберген

74

0

Соғыс жылдары Арал ауданының еңбекшілері майданға 2 млн. 830 мың сом қаржы жібергенЕл тағдыры, жер тағдыры таразы басына түскен сын сағатта аралдық
азаматтар да ерен ерліктің өшпес үлгісін көрсетті. Жылқайдар Дошниязов,
Мырзалы Бәйімбетов, Көшербай Өтенов, Қошабай Дабылов, Байділда
Жанкүшіков, Өмірзақ Аманжолов, Өтемұрат Айназаров, Пахрадин Ибраев,
Нығыметулла Балапанов, Төле Рысбаев, Мұса Сәдібеков, Рысалы Тұрымбетов,
Жұмағұл Қосбармақов, Алданыш Халықұловтардай ағаларымыздың
атақ-даңқыкүллі Кеңес Одағына тарады.

Бұл туралы Арал аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тыл еңбеккерлері де Кеңес әскерінің күшін одан әрі
қуатты ете түсті. Кешегі кеме жасау зауытының ұжымы елмен қатар соғыс
жағдайына бейімделіп, әскери тапсырысқа сай, соғыс техникасына қажетті
бөлшектер шығарып, тәулігіне 12-16 сағаттан жұмыс жасады.

Облыстық әскери комиссариаттың деректері бойынша,
Аралсульфат 5 дана, промкомбинат «ГАЗ-АА» 1 дана , балықшылар тұтыну
қоғамы, Райым, Сазды, Шөмішкөл ұжымдары майданға бір-бір данадан
автокөліктер жөнелткен. Аудандағы еңбекшілер қауымы бұл тұста майданға 2
миллион 830 мың сом қаржы аударып, 16700 пұт астық, жылы киімдер, 13
вагон балық жөнелтіп, ерліктің орасан зор үлгісін көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз