«Союз МС-02» зымыранының ұшырылатын уақыты белгілі

41

0

«Союз МС-02» зымыранының ұшырылатын уақыты белгіліРесей «Союз МС-02» зымыраны ұшырылатын жаңа уақытты американдық серіктестеріне ескертті. Бұл туралы «Қазақпарат» «Новости космонавтики» сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Ресейлік ҰБО қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, ұшырылым 23 қыркүйектен 1 қазанға ауыстырылған.
«Ресейлік тарап NASA орталық кеңсесін «Союз МС-02» зымыранын ұшыру 1 қазанға ауыстырылғаны жөнінде ескертті», – делінген хабарламада.
Кеше, 19 қыркүйекте ХҒС негізгі және қосалқы экипаждары Байқоңырдан Мәскеуге оралған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз