\»Спартакпен\» ұпай бөлістік

41

0

"Спартакпен" ұпай бөлістікПремьер-лиганың 9-туры аясында Семейдің «Спартак» стадионында былтыр ғана Бірінші лигада өнер көрсеткен екі команда – жергілікті «Спартак» пен Қызылорданың «Қайсары» кездесті. Бірінші болып Дмитрий Огай шәкірттері гол соққан ойында, өкінішке қарай, алаң иелері есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп – 1:1.
 «Спартак» (Семей) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:1
Гол: Йованович, 77 – Струков, 57.
Ескертулер: Дюлгеров, 18. Сәкенов, 65, Куцов, 87 – Розыбакиев, 65.
«Спартак»: Рихард, Генев, Самченко, Куцов, Сәкенов, Дюлгеров (Азовский, 75), Пеев, Нұрғалиев, Ерсәлімов, Йованович, Ковачевич (Тұрысбек, 66).
«Қайсар»: Прядкин, Кулибали, Кляйн, Яблан, Балтаев, Шевцов, Марушко (Савич, 78), Калинин (Нәрзілдаев, 67), Розыбакиев, Струков, Хунт (Мошников, 82).
Бас төреші: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)
1 мамыр. Семей. «Спартак» стадионы.
«Спартак» биылдыққа бірінші рет өз алаңындағы ойынын Семейде өткізді. Әйтпесе, бұған дейін семейліктер қонақтарды сонау Өскеменде қабылдап жүрген. Сондықтан болар, өз жанкүйерлерінің алдында намысқа тырысқан, алаң иелері ойынды бірден қарқынды бастап, қонақтарды тықсыртып тастады. Оның үстіне, осы кездесудің алдында «Спартактың» бас бапкері Алмас Құлшынбаев қызметінен босап, команданы осы ойынға Константин Фриденталь бастап шықты. Міне, бір жағынан «Спартак» футболшылары жаңа жаттықтырушысының алдында барын салды. Бірақ, көп ұзамай, жасыл алаңға бейімделіп үлгерген «қайсарлықтар» да алдымен қарымта шабуылдар арқылы, одан кейін атойлап шабуылдау арқылы бұл матчта кімнің фаворит екенін бірден көрсетті. Әйтседе, бірінші таймда қызылордалықтар алаң иелерінің қақпасынан саңылау таба алмады. Ал екінші таймда жерлестеріміз қарқындарын одан бетер үдетіп, нәтижесінде 57-минутта Сергей Струков Данилл Рихардтың қақпасына допты баспен қақырата бағыттады.
Өкінішке қарай, қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Қарымта шабуылдардың бірінде «Спартак» неманья Йованович Кирилл Прядкиннен айласын асырып кетті.
Сонымен, қорытынды есеп – 1:1, енді «Қайсар» келесі ойынын 6 мамыр күні Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткізеді. Сағат 18:00-де басталатын кездесуде Дмитрий Огай шәкірттері «Атырауды» қабылдамақ.
www.fckaysar.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз