Спорт саласы жоспар талабын саралады

61

0

Спорт саласы жоспар талабын саралады

«Мұз айдыны» спорт кешенінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласын жаңғыртудың    2025 жылға дейінгі  Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмысшы тобының кеңейтілген отырысы өтті. Мәжіліске ҚР Мәдениет және  спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  төрағасы Елсияр  Қанағатов, Астана, Алматы қалалары және облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, аймақтағы спорт саласының мамандары қатысты. 
Отырыста, іс-қимыл жоспарында қамтылған бұқаралық, жоғарғы және мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы спортты дамыту, мамандар әзірлеу, саланың қоғамдық бірлестіктер жүйесін, инфрақұрылымдарды дамыту, жарыс өткізу кезіндегі және спорттық инфрақұрылымдардағы қоғамдық қауіпсіздік, допингке қарсы шараларды жетілдіру, елдің спорттық имиджін арттыру, саланы қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланып, нақты ұсыныстар берілді.
Жиын қорытындысында ҚР Мәдениет және  спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  төрағасы Елсияр  Қанағатов іс-қимыл жоспарын әзірлеуге байланысты қажетті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
К.БАЛҒАБАЙҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз