Спортшылар бүкіләлемдік жастар ойынына қатысады

51

0

Спортшылар бүкіләлемдік жастар ойынына қатысадыАлматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. 
Аталмыш жарыста ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ислам Салимов өзінің жоғары спорттық шеберлігін көрсетті. Ол 200, 400, 800 метр қашықтыққа жүгіруден және ұзындыққа секіруден алтыннан алқа тақты.    Ардагерлер арасында Алмасбек Сейтенов ядро итеруден, найза және диск лақтырудан 3-орынды иеленді. Жастар арасында сынға түскен Алмат Манабаев ядро итеру мен диск лақтырудан 2-орынды, найза лақтырудан қола жүлдеге қол жеткізді. Еламан Жоламан ядро итеруден топ жарса, 100 метрге жүгіруден үшінші орынды еншіледі. Найза лақтырудан Қолғанат Бақберген чемпион атанса, 100 метрге жүгіруден және ұзындыққа секіруден үшінші орынға ие болды.  
Жас спортшылар ҚР құрама командасының сапына еніп, Ұлыбританияның Элсбери қаласында болатын Бүкіләлемдік жастар ойындарына қатысады. Ал Ислам Салимов қазан айында Кореяда өтетін Паралимпиадалық Азия ойындарына дайындалады. Спортшыларды жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Мощеев дайындады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз