Спорттық іс-шара өткізілді

55

0

Қызылорда облысы өртке қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшелері арасында 2017 жылдың 10 мен 11 қазаны аралығында Қазақстан Республикасы құтқарушылар күніне орай, Қызылорда облысында спорттық іс-шара өткізілді.

Ұйымдастыру үшін барлық жауапкершілік Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жүктелді және іс-шараға «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы филиалының жұмысшылары қатысты.

Филиалдың 15 адамнан тұратын құрама командасы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы спорттық іс-шараға белсенді қатысты.

Қатысушылар тағыда өздерінің спорттық таланттарын, командалық рухын және жеңіске деген жігерін паш еткізді!

Іс-шараға филиал қызметкерлерінің арасында спортқа деген қызығушылықтарын мен командалық рухын дамытуға үлгі болып, сонымен бірге ұжымды біріктіру мен тығыз қарым-қатынас жасауға жақсы себеп болып табылды.

Спорттық іс-шара екі күн бойы өтті, әр түрлі спорт түрлері – футбол, ауыр атлетика, арқан тартыс және армреслинг болды.Жалпы 100-ге жуық адам қатысты.

«Филиалдың өрт сөндіру авариялық құтқару бөлімінің бастығы және филиал тобының бастаушысыЖұмабеков Оразбек Шаймерденұлы: «Спортпен шұғылдануға өз әріптестерімді көбірек тартуға тырысамын. Біз үшін спорт алдымен салауатты өмір салты, ал спорттық іс-шара болса оған мүмкіндік береді.

Әркімнің өз күші мен қалауы бойынша спорт түрін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Барлық қатысушылар керемет жағымды әсер алды.

Жігіттер түрлі бөлімшелерінде жұмыс істегеніне қарамастан, сол сәтте бірігіп және үздік нәтиже көрсетуге еш кедергі болмады. Жігіттер гір тасын  көтеру шеберлігін көрсетті.

Барлық жеңімпаздарға жарыстың қортындысы бойынша мадақтамалар мен естелік сыйлықтары берілді.

Филиал директоры барлық құрама команда мүшелеріне қатысқандары үшін алғыс айтты, барлық  жерде үлкен жетістіктерге жетулеріне тілекші болды! Жыл бойы әріптестеріміздің түрлі спорт, соның ішінде гарнизондық жарыстарына белсене қатысуы, олардың жеңіске жету ниеттері командалық рухын қалыптастырады, ол тек спортта ғана емес, қызметте де қажет қасиет. Спорттық алаңдарда кезекті отырысын асыға күтеміз!

«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз