Сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашылады

108

0

Сұранысқа сай жаңа мамандықтар ашыладыЕңбек нарығындағы сұранысқа ұсыныс сай келуі керек.
Осы ретте биыл Қызылорда облысында алғаш рет еңбек ресурстарының балансы жасалған болатын. Сыр өңірінде тау-кен ісі мен ауылшаруашылығы саласында кластерлік тұрғыда дамытылатын жобаларға басымдық беріліп отыр. Сондықтан жергілікті оқу орындарында аталған салаларға қажетті мамандар даярлануы тиіс. Облыс экономикасын әртараптандыру бағытында қолға алынған бастамаларды жүзеге асыруда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ерекше маңыз берді. Бұл білім ордасында 2014-2015 оқу жылынан бастап геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту мамандықтары кезең-кезеңімен ашылмақ. Сондай-ақ ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту мақсатында ветеринариялық санитария саласына мамандар даярланады.
 
Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры:
– Қазан қаласына 19 магистрант жибердік. Соның ішінде бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, пайдалы қазбаларды байыту мамандықтары бойынша ендігі жылдан бастап біздің магистрлар келе бастайды. Оған дейін біз ҚР Білім және қадағалау комитеті арқылы осы аталған мамандықтарға лицензия алуымыз керек. Келер жылдан бастап біз жаңа мамандықтарға қабылдау жүргізіп, болашақ бакалаврларды аталған салалар бойынша даярлайтын боламыз.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз