Ұсталық өнерді ұлық еткен

54

0

Ұсталық өнерді ұлық еткенЖаңақорған. Ауданға қарасты Қосүйеңкі ауылында халық аспаптарын жасаудың хас шебері Қожабек Әбсадықұлы тұрады. 
Заманының көрік басқан ұстасы Беген атадан бата алған Қожабек ағамыз алғаш ұсталықты ер шабудан бастаған екен. Бүгінде түрлі тапсырыстарға сай: домбыра, жетіген, қобыз, дауылпаз, сыбызғы, шертер, шың аспаптарын жасайды. 
– Біздер кәсіби әншілер мен күйшілерге және әуесқой топтарға қалаған аспаптарын жасап береміз, – дейді шебер бізбен әңгімесінде. –  Аспаптарға көбіне, жаңғақ, қара ағаш, қарағай, өрік, алмұрт ағаштарын қолданамыз. Өкінішке орай, шағын шеберханамызда кеңестік дәуірден қалған ескі құрылғыларды пайланудамыз. Айтайын дегенім, қазір техника дамыған заман. Ағаштарды сан түрлі қалыпта өңдейтін, милиметрді мінсіз жонып шығаратын құрылғылар бар. Бірақ, құрылғының құны да қомақты қаржы. Осы тұрғыда, ұлттық аспаптар жасау өнерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін, мемлекет тарапынан белгілі деңгейде қолдаулар болса, біздер қашанда жастарды дәстүрлі ата кәсіпке баулуға даярмыз.
«Ия, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, бізде Қожабек ағамыздан қос ішекті қара домбыраның құнын білген едік. Ерекшеліктеріне қарай 15000 теңгеден бастап, заманауи үлгіде жасалған домбыра шанағының ішіндегі микрофонның бағасына байланысты 45 000-75 000 теңгеліктері де бар екен» деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз