«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы»

70

0

«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы»Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткізілгенбаспасөз конференциядаҚазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дугалов «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы» туралы айтып берді.
«Аталған заң жобасын қабылдау стандарттау саласында қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу үшін жағдай жасау, халықаралық модельге негізделген ұлттық стандарттау жүйесін құру, ұлттық ст андарттар рөлін арттыру, өнімдер, процестер мен қызметтер сапасының артуы үшін жағдай жасау, инновациялар енгізілуі мен технологиялар трансфертін ынталандыру, сондай-ақ ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты оң құқықтық, әлеуметтік-экономикалық салдарларға жол ашады», – деп атап кетті Комитет төрағасы.
ЕАЭО және ДСҰ-мен бекітілген шарттар шеңберінде техникалық реттеу мен стандарттау әкімшілік аспап ретінде түрлі заңнамалық актілермен, міндетті салада «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арқылы, сондай-ақ ерікті салада таныстырылып отырған «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы арқылы регламенттелуі тиіс.
Стандарттау процесінің операторы ретінде заң жобасымен жүйеге Ұлттық стандарттау органын енгізу жоспарланып отыр.
Заң жобасын әзірлеушілердің сарапшылармен, халықпен, бизнес-қоғамдастықпен және Парламент депутаттарымен пікір алмасу тиімділігі атап кетілді. 
Ағымдағы жұмысқа жүргізілген талдау барынша жиі қойылатын сауалдар арасында стандарттаудың мақсаттары, қағидаттары, стандарттау субъектілерінің құзыреті мен өзара әрекет ету процедуралары айқын белгіленген ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастырумен байланысты мәселелер алаңдататынын көрсетті. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз