Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері: «Қайсардың» үздіктер қатарынан көрінуге мүмкіндіктері мол»

40

0

Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері: «Қайсардың» үздіктер қатарынан көрінуге мүмкіндіктері мол»Қазақстан
кубогының ширек финалы аясында өткен «Қайсар» – «Астана» кездесуінен кейін
қонақтардың бас бапкері Станимир Стойлов журналистердің көптеген сұрақтарына
жауап беріп, «Қайсардың» үздіктер қатарынан көріну мүмкіндігі жайлы өз ойын
білдірді.

-Мойындауымыз керек,
«Қайсар» бүгін бізге қарағанда қарқындылау болды. Жеңіске жететін керемет
мүмкіндігі болған еді. Бірақ сәттілік біз жақта болды. Әлбетте, кубок біздің
басты мақсатымыз емес, дегенмен Қызылордаға келіп жеңіске жетіп, жартылай
финалға шыққанымызға қуаныштымын.

«Астана» футболшылары айлықтарын ала алмай жүргеніне біраз болыпты деп
естідік. Рас па?

-Қаржы жағынан аздап
қиындықтардың туындап жатқаны рас. Бірақ бұл мен жауап беретін сұрақ емес.
Басшылар біледі. Менің міндетім – команданы жаттықтыру.

Үзіліс кезінде және овертайм алдында футболшыларға қандай нұсқау берген
едіңіз?

-Бірінші таймда «Қайсар»
бізді толығымен басып тастады. Оны мойындауымыз керек. Футболшыларымды тырп
еткізбеді. Содан үзіліс кезінде аздап, тактикалық өзгеріс жасадым. Екінші
таймда алаңға Патрик Твумаси мен георгий Жуковты қостым. Сөйтіп ойынымыз
өзгерді, алаңдағы жағдай аздап теңесті. Бірақ «Қайсар» бәрібір де басымдау
болды.

Жас қақпашы Михаил Голубничийдің ойынына қандай баға бересіз?

-Бізде байқасаңыз, жас
ойыншылар өте көп. Командамыз негізінен жастардан құралған. Мен олардың
әрқайсысына мүмкіндік беремін. Қателесе ме, ештеңе етпейді. Үйренеді. Бастысы,
олар қалыпты жақсы ойынын көрсетіп жүрсе деймін. Ал Голубничий басында гол
жіберіп қойғанымен одан кейін өзіне сенімді ойнады. Тіпті, пенальтиді қайтарды.
Қандай баға беретінімді өздеріңіз де біліп отырған шығарсыздар.

Қорғаушыңыз Каспер Ларсен Данияға кетіп қалды деп естідік…

-Иә, ол жарақат алып қалды
да, еліне кетті. Орала ма, жоқ па, ол жағын білмедім. Бұл сұрақты да басшылыққа
қойғандарыңыз абзал болар.

Станимир, қалай ойлайсыз, «Қайсар» бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша
үздік алтылықтан көріне ала ма?

-Маған бұл команда өте қатты
ұнайды. Былтыр да жақсы ойнап, үздіктер қатарынан орын алғансыздар. Биыл
команда құрамы Серікжан Мужиков, Қайрат Нұрдәулетов сынды қарымды ойыншылармен
толықты. Олардың әлеуеттерін жақсы білемін. Әлі де мүмкіндік бар, уақыт
жетерлік. Сіздерге сәттілік тілеймін!

Соңғы сұрақ. «Ювентус», әлде «Барселона» – Чемпиондар лигасын кім жеңеді
деп ойлайсыз?

-«Барселонаның»
жанкүйерімін. Маған солардың ойындары ұнайды. Жаттықтырушылық карьерамды енді
бастағанымда сол клубтан тәжірибеден өткенмін. Мен үшін фаворит –
«Барселона».

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз