«STOP трафик» шарасы басталды

112

0

22-25 қараша аралығында республика аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған.

Шараға полиция қызметінің және арнайы қызмет түрлерінің күш-құрылымдары жұмылдырылды. Іс-шара аясында жаңа туған нәрестелерді сату фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге, қайыр сұрауға мәжбүрлеу және өзге де қанау фактілерін ескерту,  адамдарды тасымалдау, беру, жасыру және сату арналарын анықтау бағытында жұмыстар жасалуда.

ЖПІШ кезеңінде ойын-сауық орындарында, монша кешендерінде, қонақ үйлерде, жалға берілетін пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтарында, фермерлік шаруашылықтарда және құрылыс объектілерінде рейд жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз