Студенттер арасында спартакиада басталды

78

0

Студенттер арасында спартакиада басталдыБүгін Тұңғыш Президент күніне орай жоғары және орта
арнаулы оқу орындары арасындағы облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев қатысып, жарысқа қатысушыларға
сәттілік тіледі.

– Студенттер – ұлтымыздың
болашақ зияткерлік элитасы, егеменді еліміздің ертеңі, Елбасынан бастау алған
Нұрлы жолды жалғастырушылар. Бұл спартакиада достық пен бірліктің мерекесі болса, екінші жағынан бұқаралық
спортты дамытудың ерекше тәсілі, – деді облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.

Биыл бірінші рет ұйымдастырылып отырған спартакиада мыңға жуық студент
баскетбол, волейбол, шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, үстел
теннисі секілді 7 спорт түрі бойынша сынға түседі. Жарыс сегіз күнге созылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз