Студенттер «Бизнес мектебінде» білім алды

62

0

Студенттер «Бизнес мектебінде» білім алдыҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен қолға алынған «Бизнес мектебі» жобасы аясындағы семинарлар арқылы колледж студенттері кәсіпкерлік қызметі туралы толық мәлімет алуға және тәжірибе жинақтауға мүмкіндік ала алады. 
Студенттерге арналған семинарлардың негізгі тақырыптары  өңірлік кәсіпкерлермен кездесу, кәсіпкердің бірінші қадамдары туралы ақпарат алу, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жақтарын түсіндіру және әртүрлі ойындар арқылы кәсіпкерлік негіздеріне баулу болып табылады. «Бизнес мектебі» жобасының бұл жолғы тыңдаушылары М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық  және  Қызылорда құрылыс және бизнес   колледждерінің студенттері болды және олар өз пікірлерінде семинар барысында алған білімдері өз-өздеріне сенімділік ұялатқанын жеткізді. «Бизнес мектебі» жобасының негізгі мақсаты кәсіптік білім беретін оқу орындарын бітіруші студенттерді кәсіпкерлікке барынша тарту, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту болып табылады» деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының  эксперті Гүлмира Әлназарова. М.Мәметова атындығы Қызылорда гуманитарлық колледжінің  оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Жақсыгүл Тоғанова «Семинар барысында  өңірлік палатаның кеңесшілері «Мемлекеттік бағдарламалар жастар үшін» атты тақырыпта мемлекеттік бағдарламаларға қалай қатысуға болатындығы және жеңілдіктер туралы түсіндірді» деп өз пікірін  білдірді.
«Айта кетейік, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының «Бизнес мектеп» жобасы шілде айының соңына дейін жалғасатын болады. Бүгінгі күні 500-ден аса студент «Бизнес-мектептің» тыңдаушысы болып үлгерді» деп хабарлайды Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз