Студенттермен кездесті

84

0

  Бүгін, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің студенттер сарайында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, қала жастары Елбасымен бірге қызмет жасаған және Елбасымен жеке кездесудің сәті түскен аға буын өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге журналист-дипломат, Қазақстанда шетелдік аккредитация алған тұңғыш журналист, Қазақстанның Түркиядағы бас консулдығында бірнеше жыл қызмет жасаған елге белгілі азамат,1991 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтан ең алғаш сұқбат алған тілшілердің бірі Уайс Ержан Үбайдәұлы және Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы қатысты.
Кездесу барысында Е.Үбайдәұлы Елбасымен жүргізілген ең алғашқы сұқбаты және Түркия мемлекетіндегі кездесуі, ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы Елбасының еңбектері туралы жастарға мағыналы да тарихи оқиғалардан әңгіме қозғады.
Сонымен қатар, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев Ұлт Көшбасшысының қатысуымен өткен республикалық шаралар және Елбасының Сыр еліне сапары кезіндегі жастармен өткізілген кездесулері жайлы тебіреністі сәтке толы қызықты ақпараттарымен бөлісті. 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз