
Жалпы, қыс мезгіліндегі қардың қалың түсуіне орай кейбір көшелерде тау болып үйілген қар көптеп кездеседі. Әсіресе мұндай көріністер аудан орталығының №4 мөлтек аудан тұрғындарын алаңдатады. Себебі ол маңай жер бедерінен төмен орналасқан. Сондықтан еріген қар суы бірқатар үйлерге қауіп төндіруі мүмкін. Кеңес отырысында барлық мүмкіндіктер қарастыру мәселесі кеңінен айтылып, төтенше жағдайларға қажетті қаржылық-техникалық қолдаулар жасалатынын айтты.