
Қызылордада су тасқынын алдын алу жұмыстарына қажетті 450 миллион теңге қаржы бөлінетін болды. Қомақты қаржыға барлығы 48 нысанда қорғау бөгеттерін салу және су құрылғыларын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.