Су тасқынын алдын алуға 452 млн. теңге қаржы бөлінді

93

0

Су тасқынын алдын алуға 452 млн. теңге қаржы бөліндіБұл туралы бүгін
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Қызылорда облысы
аумағынан ағып жатқан Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 1 274 шақырымды құрайды.
Қыс-көктем мезгілдерінде Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі
ағысына судың жоғары мөлшерде жіберілуіне байланысты су тасу қауіпі болады.Осыған
орай, облыстағы жағалау қорғаныс бөгеттері өзен суын қыс уақытында 400
куб/м/с  көлемде қауіпсіз өткізу
мақсатында жыл сайын қорғаныс бөгеттерінің жай-күйлеріне алдын – ала зерттеулер
жүргізу арқылы жөндеу, күшейту және қалпына келтіру жұмыстары жасалынып келеді.
Сырдария өзенімен
келген мол су әсерінен қайта қалпына келтіруді қажет ететін аса қауіпті деген
46 нысанға облыстық бюджеттен бірінші кезеңге 452,0 млн. теңге қаражат бөлініп,
жоба-сметалық құжаттары дайындалып, қазіргі кезде аталған су шаруашылығы
нысандары мен қорғаныс бөгеттерін нығайту және қайта қалпына келтіру жұмыстары
жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз