Су тасқынына дайындық барысы талқыланды

49

0

Арал. Бүгін көктемгі тасқын судың қолайсыз күшеюі кезіндегі құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға дайындық жүргізуге қатысты жедел штаб отырысы өтті. 
Жиында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіпорын, мекеме және ұйым басшалыры жиналып, мол суды қауіпсіз өткізудің дайындық шараларын пысықтады. 
Сырдария өзенінің бойында 7 елді мекен орналасқан. Үстіміздегі жылдың көктем айында келетін мол судың әсерінен су басу қауіпі төнген жағдайда қауіпті учаскелердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы жануарларын Бекбауыл ауылдық округі, Құмбазар, Райым елді мекендеріне көшірілетін болады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Оразбаев су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде авариялық-құтқару қызметінің күштері мен құралдарының дайындығын нақтылауды және тәулік бойына кезекшілік ұйымдастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз