Суға кету көрсеткіші 12 пайызға азайды

45

0

Суға кету көрсеткіші 12 пайызға азайдыБүгін, 21 шілдеде облыс әкімінің аппарат мәжілісінде жаз маусымында суға шомылудың қауіпсіздік шаралары талқыланды. Жиында бұл тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстарды облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Келесов мәлімдеді.
Баяндамашы тілсіз жаудың құрығына ілігудің негізгі себептерін дария жағалауындағы суға түсуге  қауіпті жерлерге ескерту белгілерінің толық орнатылмауы, тынығушылар қайықты көлік инспекциясының рұқсатынсыз және құтқару құралдарынсыз пайдаланып, алғашқы көмек тәсілдерін білмей суға түсуімен байланыстырды. Осы кемшіліктерді жою мақсатында төтеншеліктер халықтың көп шоғырланған жерлерда жылжымалы пункт арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, билбордтар орнатып, түрлі форматта кездесулер өткізуде. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов барлық аудан әкімдеріне дария жағалауын қатаң бақылауды тапсырды. Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 18 адам суға кетіп, көз жұмды. Оның төртеуі бала. Суға кету фактісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға, бала саны 33,3 пайызға азайған. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз