Суармалы жерлерді енгізуде белсенділік қажет

48

0

Суармалы жерлерді енгізуде белсенділік қажетҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапары
барысында су шаруашылығының инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері жөнінде
кеңес өткізді, – деп жазады pm.kz сайты.
    К.Мәсімов суарылмайтын жерлермен салыстырғанда, суармалы жерлердің
өнімділігі жағынан 8-10 есе артық болатынын атап өтті. Сәйкесінше,
олардың айналымға енгізілуі ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің
артуына ықпалын тигізуі мүмкін, бұл экономиканың бүгінгі таңдағы негізгі
міндеті болып табылады. Сонымен қатар, Премьер-Министрдің айтуынша,
сарапшылардың бағалауы бойынша суармалы жерлердің әр 1000 гектарына
егілетін дәнді дақыл түріне қарай 60-тан 200-ге дейін адамды жұмыспен
қамтуға жол ашылады.
    К.Мәсімов ирригациялық жобаларды жүзеге асыруда халықаралық қаржы
ұйымдарының мүмкіндіктері мен кәсіпкерлерді тарту үшін мемлекеттік-жеке
меншік әріптестік қағидаттарын барынша пайдалану қажеттігін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз