Су тасқынының ағымдағы жылғы ахуалын білу мақсатында су шаруашылығы мамандары¬мен тілдескен едік. «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы мен «Арал – Сырдария бассейіндік инспекциясы» басшыларының пайымынша, биылғы жылы Шардара су қоймасына секундына 1200 текше метр, Арнасай су торабына 300 текше метр су келуде екен. Ал, Қызылорда облысы шекарасына секундына 1400 текше метр су келіп жатса, осының 500 текше метрге жуығы Қызылорда су торабынан өтуде. Мол су бүгінде Жаңадария, Шіркейлі каналдары арқылы егістіктерге құйылуда. Жалпы облыс бойынша күріштің 52 пайызы егілсе, оның 49 пайызы суға бастырылған.
– Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарына судан келер қауіп жоқ. Енді көктемгі түсер жауын-шашындар мен тау басындағы еріген қар суларын Шардара су қоймасы қабылдайды. Қазірде онда 4 млрд-тан астам су бар, – дейді «Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы» басшысы Ә.Қарлыханов.
Былтыр күзден бері облыс бойынша қауіпсіздік шараларына 2221 адам, 262 құрылым, 841 техника жұмылдырылса, 6522 қосымша қорғаныс бөгеттері салынып, су жырар жерлерге 191160 қап құм бастырылған.
Сөйтіп, қала тұрғындары мен Сырдария өзенінің төменгі жақтарына қоныс тепкен елді мекен тұрғындары су тасқыны қаупінен арылды. Дегенмен, «сақтықта қорлық жоқ» дейтін ТЖД мамандары су тасқынының алдын алу шараларына сақадай-сай әзірлікпен бақылауда ұстап отыр.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.