СУДАН САҚ БОЛ!

126

0

 

Өңірлік коммуникациялар қызметі мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Жібек жолы» СОСО алдында «Судан сақ бол» атты акциясы өтті.

Сұрақ-жауап форматындағы шара барысында құтқарушылар мен тұрғындар еркін пікір алмасты. Жиналғандарға суға түсу ережелері мен қауіпті жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету жолдары түсіндірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқару қондырғылары таныстырылды. Шара соңында жиналғандарға ескерту парақшалары таратылды.

Аймақта жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оның үшеуі бала. Мамандар қайғылы жағдайлардың басты себебі ретінде тұрғындардың рұқсат етілмеген жерлерде шомылуы, спирттік ішімдік ішіп суға түсуі жəне балалардың өзен-көл жағалаулары мен каналдарда ата-аналардың қадағалауынсыз жүруін айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз