
Күшәланың ағзаға әсері интоксикацияға әкелуі мүмкін. Интоксикацияның потенциалды зардаптары асқазан ауруларына, диабет, перефириялық невропатияға, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бүйрек дисфункциясына, тері аурулары мен қатерлі ісікке дейін алып келуі мүмкін.
2. Нитраттар
Әлбетте, нейтраттар жердің әр бөлігінде (жер, су, ауада) бар. Бірақ бұл қосылыс үлкен температураға тап болса, аса қауіпті затқа айналады. Нитраттар үлкен температурада нитрозаминдерге айналады. Бұл заттар канцерогенді болып табылады.
Нитраттар түрлі қатерлі ісіктермен байланысты. Олар аналық без, тоқ ішек, қуық, ұйқы безі, өңеш, асқазан қатерлі ісіктеріне және т. б. ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.
3. Фторидтер
Судың химиялық құрамындағы фторид ағзаға қауіпті болуы мүмкін. Гарвард университетінің 22 жыл бойы жасаған зерттеулеріне сәйкес, фтордың әсері балалардың когнитивті дамуының жағымсыз зардаптарына әкелген.
«Environment Health Science» журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ауыз судың құрамындағы фтор балалардың IQ дәрежесінің төмендеуіне әсер етеді.
reactor.inform.kz