Судьялар ант қабылдады

118

0

Судьялар ант қабылдадыҚызылорда облыстық сотының мәжіліс залында өткен жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Ант қабылдау рәсіміне Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, кеңсе басшысы мен орынбасары және аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе меңгерушілері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 21 қарашасында №965 Жарлығымен Қызылорда қалалық сотына жаңадан тағайындалған судьялар Райқұлов Досымжан Мүсілімұлы, Жүсіпов Телжан Қуанышбекұлы және Дербесәлиева Жазира Қалмаханқызы ант қабылдай отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын қорғау жолында бар күш-жігерлерін салып, қызмет атқаратындықтарын жеткізді.

Өз кезегінде облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз