Сәулет өнерінің ерекше үлгісі – Қорқыт ата ескерткіші

152

0

Топ мүшелерінің соңғы аялдамасы киелі Қармақшы ауданында орналасқан Қорқыт ата мемориалды ескерткіші болды. Олар ескерткіштің жанындағы оңаша тілек тілейтін жер асты мінәжат үйіне кіріп, баба рухына тағзым етті. Сондай-ақ, Рим дәуіріндегі архитектуралық құрылыс үлгісінде салынған амфитеатрды тамашалады.
Содан соң, 3 экспозициялық залдан тұратын бір қабатты мұражаймен танысып, ондағы Қорқыт өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін құндылықтар мен жәдігерлерді тамашалап, естелік суретке түсті. Айта кету керек, мұражай қорында бүгінгі күні 700-ге жуық экспонат сақтаулы.
Экспедиция мүшелері тарапынан шараның маңыздылығы айтылып, алғыстарын білдірді. «Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастырған экспедициясы тарихи тағылымы ерекше, берері көп іс-шара деп айтар едік. Еліміздің тарихын, мәдени мұрасын танып білу арқылы біз болашақ ұрпаққа біртұтастығын күшейтіп, рухани бірлестігін нығайта аламыз. Алдағы уақытта да өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін арттыратын осындай игі шаралар көптеп болса дейміз», -деген тілектерін білдірді.
Осылайша, барлығы 50-ге жуық адамнан құралған тарихы-тағылымы мол экспедиция мүшелері Сыр өңірі рухани құндылықтар мен тарихи жәдігерлерімен танысып, мол мағлұматқа ие болды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз